"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие сағаты: «Ел қамқоры –Елбасы!»

: Бастауыш сынып мұғалімі Тасмагамбетова А. К.

Тақырыбы: «Ел қамқоры –Елбасы!»

Мақсаты:

- оқушыларды Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерімен, өмірімен таныстыру;

  - Ұлт Көшбасшысын мақтан етуге, патриотизмге, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- танымдық қабілеттерін дамыту;

- өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттері: барлығына сүйіспеншілікпен қарау.

Көрнекілігі: Үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер, кинодан үзінді
Қайырлы күн  оқушылар!
Бүгінгі  «Ел қамқоры –Елбасы!» атты сынып сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда  Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.                                 -Балалар , Н.Ә.Назарбаев кім?
Ұлы Көшбасшы, Елбасымыз.
Оқушылар: Ол-еліміздің Елбасы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Осы біз Елбасымыздың балалық шағын,өмір жолын  білеміз бе?
Енді Елбасымыз туралы  «Көшбасшы жолы»киноэпопеясынан үзінді көрейік.(үзінді бойынша оқушылардан  сұралады.)
 Біздің Елбасымызға арнаған өлең  шумақтарымыз бар.Ендеше сөз кезегін берейік:
Мерей:
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Фатима:
-Елін сүйген еңселім де, еркінім,
Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
Дінмұхамет:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
Е.Али:
Кең байтақ қой –Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы,
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем
Бұның бәрі -Елбасының арқасы
Балалар,енді президент күніне арнап ,сендерге ертегі айтып берейін:
Тыңдағыларың келе ме? –ия                                                                              Ерте-ерте ертеде бір қыран құс өмір сүріпті.Қыран құс құстардың ішіндегі ең ақылды,ең байсалды құс болыпты.Бір күні қыран құс құстарға басқа жаққа барып,мекен ететінін айтыпты. Қыран құсқа қайжаққа барасын десе: бау бақшасы бар, ынтымағы жарасқан аспаны ашық елде тұрамын депті.Сол қандай ел екені сандықта жасырыныпты. Оны уазірлер күзетіп тұрады екен.
Ол қандай ел екенін білгілерің келе ме?- балалар. –Ия
Оны білуіміз үшін 3 сұраққа жауап беруіміз керек
Осы 3 сұраққа жауап берсек сандығымыз ашылып,ішінен жібек шашылып,ынтымағы жарасқан тату-тәтті ел қандай ел екенін білеміз.
1-ші қазақтың ұлттық биі қандай?-Кім айтады? –Қара жорға.Дұрыс па, уазірлер? -Ия
Ендеше, «Қара жорға»биін тамашалайық
2-ші сұрақ : Қазақтың мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады және авторлары кімдер?
Олжас: елтаңба,әнұран,ту
3-ші сұрақ: Қазақстан Республикасы деген сөзге талдау жасаймыз.Осы сұрақты тапсақ сандықта қандай ел жасырынғанын білеміз:Қ-дауыссыз,а-дауысты,з-дауыссыз,а-дауысты,қ-дауыссыз,с-дауыссыз,т-дауыссыз,а-дауысты,н-дауыссыз.Р-дауыссыз,е-дауысты,с-дауыссыз,п-дауыссыз,у-дауысты,б-дауыссыз,л-дауыссыз,и-дауысты,к-дауыссыз,а-дауысты.
Дұрыс айтты ма уазірлер? –Ия
Сандық ашылып ішінен Қазақстан Республикасы деген сөз шығады.Бұл біздің Отанымыз Қазақстан екен.                                                        Ән: «Егемен ел» .Хормен  орындайды.                                               Мұғалім: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін,ел тірлігін тілеген
Ақ ниетті халық деген данам бар-дей келіп, «Ел қамқоры –Елбасы!» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Рефлексия: «Егер мен Елбасы болсам...»

 

 

Жаңартылған күні: 25.11.2020 18:52
Құрылған күні: 25.11.2020 18:52

Текст