"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты "Абай –ұлы ақын"

Тақырыбы: "Абай –ұлы ақын"

Мақсаты:

1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.

2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі.

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: шындықты айту, жақсы сөйлеу, жақсыны көру, қарапайым болу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Бастаушы. Ой қозғау. Пазылқан Дінмұхамет

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы.

1. Кіріспе бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің "Абай –ұлы ақын" атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.

2. Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді

Е. Али:Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибраһим.

Дінмұхамет: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

Алишер: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.

К. Али: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.

Фатима: Абайдың әжесі –Зере.Абайды Зере әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибраһимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.

Е. Али: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

Мерей: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

Алишер: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.

Фатима: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.

Мерей: Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар.

 

К. Али: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды.

3.Мұғалім:

"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді.

Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге, халқына пайда келтіруге үндеді.

Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Дінмұхамет:«Ұлы ақын - Абай ата»

Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
Орыс халқы мақтанса Пушкинменен,
Абай атам - ұлы ақын, еңбегі ерен.
Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,
Махаббатың артады елге деген.

Е. Али:«Абай ата»

Ата сөзі- қазақтың бойтұмары,
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Қиналсаң, ақыл қосып ақылыңа,
Жырларында жанашыр ой тұрады.
Қазаққа бөлек екен Абай орны,
Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.
Өнер - білім, ғылымды қадірлеумен
Қазақ елін ақиқат жолға қойды.

Мұғалім: Оқушылар, Абай атамыз туралы не білеміз?

Оқушылар жауабы: Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.

4. Мұғалім: Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.

Оқушылардың қарасөздерді оқуы.

Алишер:Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)

Дінмұхамет:Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)

 

5. Бүкіл әлем Абайды таныған. Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Біз Абай ата жайлы көп мағлұмат алдық. Ендеше, соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.

 

 

6. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Ендеше, балалар Мерей сендерге Абай атаның «Қыс» өлеңін оқып береді.

7. Абай Құнанбаевтың өсиетке толы өлеңдері баршылық. Соның бірі «Ғылым таппай мақтанба». Серікбай Фатима мәнерлеп оқиды.

- Осы өлеңде қандай жақсы қасиеттер сипатталған?

- Қандай жаман қасиеттер айтылады?

- Өлеңде айтылған қандай қасиеттер өзіміздің бойымызда болуы керек? Неліктен?

- Абай өлеңдері жастарды неге шақырады?

8. Топпен «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.

9. Қортындылау.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына сөзімен аяқтағым келеді.

         Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кеткен Абай атаны біз ешқашан ұмытпаймыз.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

 

Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.

 

 

Жаңартылған күні: 12.01.2021 10:00
Құрылған күні: 12.01.2021 10:00

Текст