Сынып сағаты
«Сыбайлас жемқорлық деген не?»
Мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері:
-оқушылардың құқытық білімні жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;
-өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.
-өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Қатысушылар: 9-сынып
Ұзақтығы: 45 мин
Сынып сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сыбайлас-жемқорлық деген не? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)
ІІ. Қызығушылығын ояту. Ойын – Ыстық орындық.
Ойынның шарты: Әр топтан 4 бала кезекпен шығады, бұл оқушыларға құқық туралы 10 сұрақ қойылады. Кімде-кім барлық 10 сұраққа 5 минутта жауап берсе, сол оқушы жеңіске жетеді.
Мұғалім:
-ойын ұнады ма?
-неліктен ұнамады?
-ойын кезінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
-неге бұл оқушы ойында қалды?
-ол не істеді?
ІІІ.Кіріспе сөз. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
«Сыбайлас жемқорлық» деген «параға сатып алу», «пара», «corruptio» деген латын сөзінен алынып, анықтауға мүмкіндік береді.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. ҚР «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.
ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершіліктіреттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар, осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
4. «Кім тапқыр?» Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.
1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
5. Сыбайлас жемқорлық туралы бейнеролик көрсетіледі.
Осы бейнероликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?
6. Викториналық сұрақтар:
1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? (02.07.1998 жыл)
2. «Сыбайлас-жемқорлық» деген не? («Сыбайлас – жемқорлық» деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзінен алынған, анықтауға мүмкіндік береді.)
3.Құқық деген не? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы).
4.Заң деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
5.Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
6.Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
7.Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
8.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9.12.)
9. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заң қашан қабылданды? (18.11.2015 жыл)
10.БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)
Қорытынды: «Тілек ағашы» оқушылар өздерінің тілектерін стикерге жазып іледі.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамгершілік қасиеттерді сақтап, жақсы нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен, еңбектеріңмен жетуге тырысыңдар.
Сынып сағаты аяқталды.