Сынып сағаты
Сынып: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»
Сабақтың мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылықтары арқылы отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Қорытынды.
Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Ендігі кезекте мемлекетіміздің елтаңбасы тупралы бейне үзік тамашалайық
«Кім зерек?» тапсырмасы.
Мұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
2. Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)
4. ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?
Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі
5. Көкшетау қаласына барғанда қай жерлерден ілулі тұрған туды көрдіңдер?
6. Біздің ауылымызда ше?
Білімдінің көзі ашық.
– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
– Еліміздің бас қаласы
– ҚР президенті
– ҚР туының авторы
– ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.
– Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
– Еліміздің көрікті жерлері
– Отан туралы өлең
– Отан туралы мақал-мәтел
- ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. Нешінші бабында? 9 бап.
- Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта? 34 бап
Мұғалім.
- Қазір бәріміз орнымыздан тұрып біздің еліміздің Мемлекеттік әнұранын орындайық.
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.