Тақырыбы: «Дос және Достық»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер, видеопроектор.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Дос және достық» тәрбие сағаты.
ІІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары
Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
1.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
2.Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Достық жасқа байланысты ма?
5. Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма?
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
8. Дос қандай болу керек?
Адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді Дос кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамау ашықтық бүкпесізді
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өмірлік нұсқа болады, - деп жауап береді екен.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
V. «Сөйлемді аяқта» тренингі
Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық бар жерде ...
VI. «Мінездеме беру» тренингі
Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
«Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылы бірауыздан алдымыздағы жүкті көтерейік
VIII.Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».
4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».
6. «Досы көппен .... ,
Досы жоқпен ... ».
7. «Досы ... , өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».
Қорытынды:
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңды алдамай, оған адал бол.
Досыңды қорлама.
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Оқушылар арасында треннинг ойнату.