Педагогтің аты-жөні |
Оспанова Баян Балташевна |
|||||||
Күні: |
||||||||
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Табиғат пен адам Лепті сөйлем |
|||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
|||||||
ЖАҚ |
Сүйіспеншілік |
|||||||
Қасиеттері |
жақсы көру, қадірлеу, сыйластық, қамқор болу |
|||||||
Сабақтың кезең уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||
Басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Бір, парталаспен қол алыс Екі, достарыңа қол бұлға Үш, қонақтарға жымиып, басымызды иейік Төрт, маған қарап күлімдейік.
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) -Өткен сабақтарда сөйлемнің қандай түрлерімен таныстық? |
Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттығуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді |
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары. |
||||
Ортасы |
Табиғат, Тіршіліксің тұнып тұрған, Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан. Сен – Көлсің, Сен – Ормансың. Сен – Бұлбұлсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған*. Сен – Жарықсың, Сен – Жерсің, Сен – Гүлсің, Сен – Адамсың, Сен – Ауасың, Сен – Анамсың – Бәрі Сен – менің өмірім сен сыйлаған, Туған жерім – Отаным – Қазақстан. Садықбек Хангелдин Өлең не туралы? Бүгінгі сабағымызда біз не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар? Табиғатқа нелер жатады? Бізді қоршаған орта не деп аталады? Өз Отанымызды қалай құрметтеуіміз керек? Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Балақай мен қалақай Саяхаттап көрдік қыр, Қырға бардық, тердік гүл. Айқайлайды балақай: Алақай-ау, алақай! Жапырақты үземін, Гербарий ғып түземін. Ол қурайды бас салды, Міне, шатақ басталды. Қарып алды қалақай, Жылап қалды балақай...
*Қалақай, гербарий туралы не білесің? *Өлеңнен баланың қуанышын білдіретін сөйлемді тап, оның айтылу ырғағына және тыныс белгісіне назар аудар.
Жаңа ақпарат: Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
Табиғат және адам 1 топ Табиғат пен адам – егіз ұғым Табиғат – тіршілік көзі Оны қорғау – біздің парызымыз емес пе 2 топ Табиғат – адамның екінші анасы Себебі біздерге мол қазына мен байлықты береді Табиғатты ластамай, оны қорғауымыз қажет
*Балалар, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылды? *Бұлар сөйлемнің қандай түрлеріне жатады? * Табиғат бізге мол қазына мен байлық береді дегенді қалай түсінуге болады? *«Табиғат – адамның екінші анасы» дейді, неліктен?
Сергіту сәті Сөйлемдерді тиісті қатарына орналастыр Хабарлы сөйлем (.) Анам дүкенге барды Бізге бүгін бес сабақ Әсет үй тапсырмасын орындады Сұраулы сөйлем (?) Сен нешінші сыныпта оқисың Қазір қай мезгіл Сен аққала жасауға бардың ба Лепті сөйлем (!) Алақай, атам келді Бүгін күн қандай тамаша Мереке құтты болсын
Өлеңді көшіріп жаз. Хормен оқиды Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты! Жер үстіне нұр шықты!
*Өлеңді тиісті дауыс ырғағыңмен оқы *Өлең шумағы сенің көңіл күйіңе қалай әсер етті? |
Берілген сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Сабақтың тақырыбы Табиғатқа байланысты екенін табады.
Лепті сөйлемді табады. Гербарий, қалақай сөздерін көркемдеп жазады
Жаңа ақпаратпен танысады.
Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.
Табиғат және адам Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғат – тіршілік көзі. Оны қорғау – біздің парызымыз! Табиғат – адамның екінші анасы. Себебі біздерге мол қазына мен байлықты береді. Табиғатты ластамай, оны қорғауымыз қажет!
Сөйлемді оқиды, қажетті тыныс белгісін қояды да тиісті себетіне орналастырады.
Тиісті дауыс ырғағымен оқиды, сұраққа жауап береді.
|
Ауыша бағалап, мадақтау
«Бес саусақ» арқылы бағалау
Смайлик арқылы бағалау |
Оқылым, тыңдалым
|
||||
Соңы |
Т- Сөйлемнің неше түрі бар? А- Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем қандай сөйлем? Б – Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? И - Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем қалай аталады? Ғ – Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? А - Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді қалай атайды? Т – Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
*Балалар, қандай сөз шықты? *Адам табиғатқа қалай қарауы керек? *Табиғат ананы қорғау үшін не істейсің? Балалар, егер табиғатқа қамқоллық жасап, сүйіспеншілікпен қарасаңдар сендердің көңілдерің көтеріңкі, ал жүректерің нұр шашатын болады! |
Сұрақтарға жауап береді, «Табиғат» сөзін табады, сабақты қорытады. |
|
Топтық тапсырмалар. |
||||
Кері байланыс |
«Білім шыңы» әдісі
|
Сабақтан алған білімдері бойынша смайликтерді таңдап, тиісті шыңға жабыстырады.
|
«Білім шыңы» әдісі |
Кері байланыс тақтай шасы. |
||||