№1 хаттама Қамқоршылар Қеңесінің отырыстары

19.04.2023

Қамқоршылық кеңес отырысының № 1хаттамасы

 

23.09.2022ж.

Қатысқандар: 7

Қатыспағандар:2

 

Күн тәртібінде:

1.Қамқоршылық кеңесінің құрамын қайта қарау

2.Мектепке жол ақциясы бойынша демеушілік қаражаттың жұмсалу есебі.

3.Оқушылардың тегін тамақтануын ұйымдастыруды қарау

 

1.Өткен оқу жылдарында қамқоршылық кеңесінің мүшесі , ата- аналар қауымдастығының өкілі Бекенова Гүлзада Көкеевнаның жеке бас себептеріне байланысты мүшеліктен бас тарту себебімен кеңес құрамынан шығарып, орнына көп балалы ана, ата-аналар қауымдастығының мүшесі Искакова Қаракөз Сәбитовна  қабылданды. Кеңес мүшелері бір ауыздан қолдап, келісім берді.

2.Мектеп директоры Надирова С:И. 2022 жылғы «Мектепке жол»  акциясы бойынша көрсетілген демеушілік көмектің есебі берілді.

- Щучинский гормол завод ЖШС жалпы сомасы 300 000 теңге болатын қаржыға 8 оқушыға  мектепке киім- кешек пен оқу құралдарын  алып берді және 500000 теңге болатын қаржыға технология кабинетін жабдықтады.

-Kazgreen Feeders ЖШС  жалпы сомасы 100000 теңге болатын қаржығы 4 оқушыға киім-кешек алып берді.

-Зергер ЖШС 1 оқушығы жалпы сомасы 11000 теңге  болатын қаржыға 1 оқушыға оқу құралдарын алып берді.

3. Қамқоршылық кеңес мүшелері  мектеп оқушыларынынң ыстық тамақпен қамтамасыз етуге демеушілерден көмек сұрауды ұсынды. Есептеп қарастыра келе бүгінгі күнгі бағамен әр оқушы 1 аптада 1140теңгеге, 1 айда 4560 теңгеге тамақтанатыны есептеп шығарылды. Мектептегі барлық оқушыларды 9 ай тамақтандыру үшін шамамен 1500000теңге қажет екен. Ауыл территориясында орналасқан ірі ЖШС- ге ресми хат жолдау ұсынылды.

Шешім қабылданды:

  1. Ата-аналар қауымдастығы тарапынан кеңес мүшелігіне Искакова Қ.С. қосу
  2. Демеушілерге ресми хат жіберуді ұйымдастыру

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                 Корноушкина А.М.

                                               Хатшы:                 Абишева А.Ш.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст