"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары, 6 сынып

30.10.2019

 

Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

2. Ғалам. Жер. Адам

Мектеп: Мәлік Ғабдуллин нм

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:Надирова С.И.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:4

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Макро- және микроәлем

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау

Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • макро- және микроәлем нысандарын жіктейді;
  • макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтайды.

Бағалау критерийлері:          

1.Макро- және микроәлем нысандарын суреттер бойынша жіктей алады;

2.Макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтай алады.

Тілдік  мақсаттар

 

Оқушылар макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін ауызша түсіндіре алады. Олардың өлшемдерін, өлшем бірліктерін ауызша атай алады.

Пәндік лексика және терминология:

Макроәлем, микроәлем, жарық жыл, галактика, атом, молекула, Күн жүйесі, ғаламшар, Жер, Құс жолы.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Макроәлем нысандарына ... жатады, себебі ...

Микроәлем нысандарына ... жатады, себебі ...

Макроәлем нысандары өлшенеді ..., себебі ...

Микроәлем нысандары өлшенеді ..., себебі ...

Құндылықтарды дарыту

 

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылығы арқылы шыншылдыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке баулу

Пәнаралық байланыстар

Макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін анықтау барысында физика пәнімен байланыс орнатылады.

Су молекуласының құрылысын түсіндіру барысында химия пәнімен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар 5 – ші сыныпта макро- және микроәлем нысандарымен танысты. Оқушылар макро- және микроәлем нысандарын атай алады, ажырата алады.

Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында макро- және микроәлем нысандарының суреттерін салу, оларды атау, салыстыру арқылы жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет   

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

0-7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Топтар «5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

1 жұп: тақтаға/постерге макроәлем нысандарының суреттерін салып, атауларын жазады.

2 жұп: тақтаға/постерге микроәлем нысандарының суреттерін салып, атауларын жазады.

1-2 жұп: екі жұп бір бірінің жұмыстарына талдау жасап, макро- және микроәлем нысандарын салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атайды.

Дескрипорлар

Оқушы

-Макроәлем нысандарын дұрыс суреттеп көрсетеді;

-Микроәлем нысандарын дұрыс суреттеп көрсетеді;

-Макро- және микроәлем нысандарын өзара салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

 

Мұғалім макро- және микроәлем нысандарына қосымша мысалдар келтіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіреді. Оқушыларға кері байланыс береді.

 

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға макро- және микроәлем нысандарының суреттерін көрсетіп, келесі сұрақтарды қояды:

-Макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін қалай өлшеуге болады?

-Жер мен Күннің арасындағы қашықтық қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

-Атом мен молекулалардың өлшемдері қандай?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Макро- және микроәлем нысандарын жіктейді;
  • Макро- және микроәлем нысандарының өлшем бірліктерін анықтайды.

А3 форматындағы қағаз

Маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Сабақтың ортасы 

10-15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25-30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-37

4. Бейнеролик «Макро және микроәлем». Мұғалімнің түсіндірме жұмысы.

Оқушылар бейнеролик қарап болғаннан кейін, мұғалім макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін түсіндіреді. Олардың өлшемдерін, өлшем біріліктерін түсіндіреді.

Астрономдар ғарыш кеңістігіндегі үлкен қашықтықтарды «жарық жылымен» өлшейді. Ол секундына 300 миллион метр жылдамдықпен таралады. Ғарыш кеңістігін метрмен, не тіпті километрмен өлшеу мүмкін емес. Бір жарық жылы 9 460 730 473 000 000 м – ге тең. Ұзындықтарды өлшеуде келесі өлшем бірліктері қолданылады: миллиметр, сантиметр, дециметр, километр. Уақыттың өлшем бірліктері: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл. Массаның өлшем бірліктері: мг, г, кг, т.

Оқушылар ортаға шығып атом мен электрондардың құрылысын қозғалыс арқылы көрсетеді. Осылайша атомдар бірлесе малекулаларға бірігетіні және бірнеше малекула бірігумен қатар орналасу реттілігі сақтала отырып заттың беріктігі арта түседі. Міне өмірде де достықтың, адами қарым- қатынастың, туыстық қатыныстың реттілігін сақтай отырып біріксек достығымыз, туыстығымыз мықты болады.

 

5. Венн диаграммасын толтыру. Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, макро- және микроәлем нысандарын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Дескрипторлар

Оқушы

-Макро- және микроәлем нысандарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;

-Макроәлем нысандарының параметрлерін анықтайды (көлемі, ұзындығы, өлшем бірліктері);

-Микрәлем нысандарының параметрлерін анықтайды (көлемі, өлшем бірліктері).

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді.

6. Микроәлем нысандарының құрылысын түсіндіру. Оқушылар бейнероликті зерттеп болғаннан кейін, су молекуласының құрылысын түсіндіреді.

Видеодада көрсетілгендей судың молекуласы да қатқан сайын бір- бірімен жақындасып беріктігі арта түсуі адамзатқа үлгі боларлықтай көрініс. Бойымызда кішіпейілділік, адалдық, жұмсақтық, ашықтық сияқты жақсы қасиеттер көбейту арқылы біз де мықты тұлға бола алмыз.

Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушылар тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Дескрипторлар

Оқушы

-Су молеуласының құрылымын жазады;

-Су молекуласының химиялық формуласын жазады;

-Молекула мен атомдардың пішінін жазады;

-Молекула мен атомдардың шамамен кеңістіктегі өлшемдерін жазады.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Кері байланыс ұсынады.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Макро- және микроәлем нысандарының кеңістіктегі өлшемдерімен сәйкестендіреді.

Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Бейнеролик «Макро және микроәлем»

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик «Су молекуласының құрылысы»

Қосымша 4

Сабақтың соңы:

37-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына  жету деңгейін талқылайды.

Оқушылар берілген үлестірмелерге «Мен білемін» және «Мен жасай аламын» бағаналарын толтыру арқылы рефлексия жасайды.

Қосымша 5

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Қайталау кезеңінде оқушылар топтарға өз қалауларымен бөлінеді. Оқу материалының жеткізу деңгейін таңдайды: білу, түсіну және қолдану (сурет), талдау (суреттерді салыстыру және талдау). Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушылар жаңа тапсырма бойынша қорытынды шығарады.

5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Венн диаграммасы арқылы макро- және микроәлем нысандарын салыстыру дағдыларын бағалау.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

             

           

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

     

 

 

Қосымша 2

Мәтін «Макро және микроәлем»

 

Микроәлем – бұл молекулалар, атомдар, элемантарлық бөлшектер – бұл өте ұсақ, бақылауға келмейтін микронысандар, олар кеңістікте 10-8 - нен 10-16 см – ге дейін өлшенеді, ал олардың өмір сүру уақыты шексіздіктен 10-24 секундқа дейін.

Макроәлем – адамның өлшемдерімен шамалас тұрақты формалардың әлемі, сонымен қатар молекулалардың криссталды кешендері, ағзалар, ағзалардың қоғамдастығы. Макроәлем нысандарының кеңістіктегі өлшемдері миллиметрмен, сантиметрмен, километрмен, ал уақыт секундпен, минутпен, сағатпен, жылмен өлшенеді.

Мегаәлем – бұл ғаламшарлар, жұлдызды кешендер, галактикалар, метагалактикалар – өте үлкен ғарыштық масштабтар мен жылдамдықтардың әлемі. Бұл әлемде жылдамдық жарық жылдармен өлшеніп, ал ғарыштық нысандардың өмір сүру уақыты миллиондаған және миллиардтаған жылдармен өлшенеді.

http://biofile.ru/chel/14508.html

 

Қосымша 3

 

 

Қосымша 4

 

Қосымша 5

 

 

 

Жасай аламын

Білемін

 

  • IMG-20191025-WA0028.jpg
  • естествознание 4 Б.docx
  • Жаратылыстану 6 кл.docx


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.10.2019 17:00
Құрылған күні: 30.10.2019 17:09

Текст