"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану сабағы «Көкөністер мен жемістер»

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

 

Күні:

Оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер»

Мақсаты: Балаларды сыртқы түрі, түсі, дәмі, атауы бойынша қиярды, қызанақты, сәбізді, алманы, алмұртты тани білуге үйрету.

Білімділік: Балалардың өздері жиі көретін кейбір көкөністер мен жемістер туралы (жергілікті жағдайды ескеріп) түсініктерін нақтылау.

Дамытушылық: Оларды шынайы түрде және суреттерден тануға жаттықтыру.

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: көкөністер мен жемістердің бірнеше суреттері, үлестірмелі заттар.

Сөздік жұмыс: көкөністер, жемістер.

Қолданылатын технология жаңа әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

 

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бала әрекеті

Есеп

(+)

(-)

Кіріспе бөлім

 

 

Балаларға шаттық шеңберінде төмендегі өленді айтқызу, жасап:

Бау-бақшаға барамыз,

Жақсы бала болымыз,

Көкөністі жинаймыз,

Ұзақ қысқа сақтаймыз,

Алақай жинаймыз,

Ұзақ қысқа сақтаймыз.

Балалар шеңберде тұрады, өлең жолдарын айтады.

   

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

С   онымен, балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі. Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, банан, өрік, шие.

 

 

Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ,бұрыш т. б. жатады.

     

 

 

 

Бірінші тапсырма: «Не артық»

- Балалар мына ағашқа назар аударайық. Мынау алма ағашы. Алма ағашында алма өседі. Бірақ мына алма ағашында артық жемістер көп. Келесі ойынның шарты: алма ағашынан артық жемістерді алып тастау керек.


Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Жемістерден тосап және компот қайнатады.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.

 

Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы. Екіншіден, қызанақта С дәрумені өте көп.

Сәбіздің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.

Жемістер мен көкөністерді көбірек жеуіміз керек. Өйткені оларда дәрумендер көп, дәрумендер адамдарға күш, куат береді.

 

«Сиқырлы қапшық» деген ойын ойнайық.
Шарты: Көкөністі қолына алады, пішінін, дәмін, түсін, қолдануын айтады.


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар.

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай балалар

Үлкен болып өседі.

Екішші тапсырма: «Сиқырлы бояу»

- Өте жақсы балалар енді маған жемістермен көкөністердің түстерін атап беріңдер.

 

-Балалар, бүгін бізге қонаққа бағбаншы ағай келіпті. Оның қолында екі себет бар екен. Ол бір себетке жеміс, екіншісіне көкөніс жинауы керек. Біз оған көмектесеміз бе?

Балалар себетке көкөністер мен жемістерді жинап береді.

Дидактикалық ойын: “Жеміс дәмін сезу” (Көзін жұмып, ауыздарына туралған жемістер салынады, бала қандай жеміс екенін табу керек).

 Үлестірмелі материалмен

жұмыс.

Жемістер мен көкөністерді ажырату.

Бау-бақша: Балалар қазір сендерге сұрақтар қоямын, сендер сұрақтың жауаптарын ақ қағазға суретін салындар. Асықпандар, сендерге ойлануға уақыттарын бар.

Әр командадан 3 баладан шығады, салынған суретті түсіндіріп айтады. Қандай өсімдік қпйда өсетінін айтады.

Жауаптар: 1. Күн; 2. Су; 3. Жылулық; 4. Кұрек; 5. Суарғыш; 6. Топрақ; 7. Ауа; 8. Тұқым; 9. Күтім және т.б.

Ал енді балалар  «Картопты ек және жина» ойынын ойнаймыз.

1.  Балалар 2 командаға бөлінеді. Бастаушы бала жүгіріп барып қолындағы күрекпен жер қазады да орына келіп эстафетаны басқа балаға береді. Келесі бала қазылған жерге картоп тұқымын салады. Келесі бала картопты топырақпен жауып су құйып кетеді. Сонгы бала картопты кайтадан жинап орнына келеді.

-Балалар жемістер мен көкеністерді қайда сақтаймыз?

Иә дұрыс, жертөледе немесе арнайы ыдыстарда сақтаймыз. Қарандаршы мына себеттегі жемістер мепн көкеністер араласып кетіпті. Ал енді соларды жемістерді жеке, көкеністерді жеке себеттерге жинайық.

 

 

 

 

 

 

Көкөністер мен жемістердін аттарын айтады, көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойын ойнайды.

 

Көкөністер мен жемістердін аттарын айтады, көрсетеді.

 

 

 

 

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар орындайды.

 

 

 

 

 

Иә көмектесеміз.

 

 

Балалар көкөністер мен жемістерді сұрыптан, себетке салады.

 

   

Қортынды бөлім

Сұрақ-жауап арқылы не үйренгендерін пысықтау. Балаларға сұрақтар қойып, суреттер көрсесіп, сабақты қорытындылау.

Балаларды мақтау, мадақтау.

 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

   

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қай кезде көкөністер мен жемістер пісетінін;

Игереді: көкөкністер мен жемістерді ажырату;

Меңгереді: көкөністер мен жемістердін пайдасы туралы білімді.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.12.2020 20:00
Құрылған күні: 14.12.2020 20:00

Текст