"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыр математик (Тапқырлар сайысы) 5-6 сыныптар

Алғыр   математик (Тапқырлар сайысы )

Математика пәні мұғалімі Зиядина Н.Е.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабылетін арттыру,ойлау қабылетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
  2. Дидактикалық, логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
  3.  Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процесін дамыту.

 

                      Математикалық сайыстың барысы:

1-жүргізуші:  Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар,  әділ-қазылар және оқушылар!

2-жүргізуші:  Қымбатты білім сүйгіш жас достар!

 «Адамзат үшін  XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал  осы технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру-бүгінгі мектеп оқушылары, сіздердің еншілеріңіз».

                                                                                         Н.Назарбаев

 

Орыс ғалымы М.В Ломоносов :

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан оны оқу керек»-деген. Олай болса, сендер қызықты математиканың жұмбақты да, ғажайып әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі  сан түрлі  екендігіне көз жеткізесіңдер.

 

  I жүргізуші: Сайыста сендерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың кажет.

II жүргізуші: Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұкыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

1) Топтардың таныстыруы.

2) Топ мүшелерінің сайысы.

3) «Жұмбақтар шешейік!»

4) Адасқан әріптерден сөз құрау.

5) Викториналық сұрақтар.

6) Топ жетекшілерінің сайысы.

7) Қорытындылау.

 

I. «Пропорция» тобы:

Шақырып жарыстарға сан-салалы,

Алғырлар топ жарғалы жар салады!

Ту етіп достық пенен татулықты

«Пропорция» командасын қарсы алады!

«Пропорция» биіктерде қалық

тасын! Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туың желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

«Функция» тобы:

Осындай алғыр достар кез келгенде,

Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!

 Құрметтеп алғырларды ой-саналы,

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыстан достарына

 Қашанда тапкыр бол деп ой салады.

 

II. Топ мүшелерінің сайысы

Сұрактарға екі топ бірдей жауап береді. Жауапты жазу үшін кағаздар таратылып, оған жазған жауаптары әділ-казыларға тапсыралады.

1) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді?

8-4-3=1        (8+4):3=4       8:4+3=5

8:4-3=6      8-4+3=7     8+4-3=9

(8-4)·3=12 8+4+3=15 8·4-3=29

 8·4+3=35    (8+4)·3=36      8·4·3=96

2) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың каншасы калды? (10 торғай калды, ал калганы ұшып кетті)

3) Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат канша жол жүрген? (12)

4) Түйе, бота маң басқан,

 Төрт аяғын тең баскан.

Бие бар кұлын емізген,

 Қос ешкі туған егізден.

Үш қозы мен екі қой,

 Бәрі канша, ойлап кой. (15)

Түйе, бота маң басқан,

 Төрт аяғын тең баскан.

 Шұнак кұлак бір ешкі,

 Қос лакты кос ешкі.

Төрт козылы екі кой,

Бәрін бірге санап кой. (15)

5) Бір-бірімен жарыскан,

 Төрт аю, бір арыстан.

 Екі кой мен бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? (8)

6) Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Tic ысқышты тағы алдым.

Есептеші, сонда кане,

Қанша болды колда бәрі? (6)

7) Тақтада көрсетілген 81 санынан 63-ті алып, 86 санына 12-ні косу керек. Сон­да біріншідегі азайткыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? (Сандар жазылган кар-точкаларды 90"-ка бұру керек)

8) М нүктесі С және Д нүктелерінің арасындағы орналасқан. МС=4 дм, ДС=6 дм болса, МД кесіндісінің үзындығын тап. (2)

9) Квадраттың қабырғасы 5 см болса, оның ауданы неге тең? (25 см2)

10)Есептеңіз:-12+(-2)3  (-20)

11) Салыстыр:  а)  999° және 9999°. (999°= 9999")

б) 23 және З2   (23<32)

 

III. «Жұмбақтар шешейік!»

1. Айқасқан 2 таяқ, түрады жоқты сұрап. (X)

2) Күшіне сенген бір мыкты,

Жығып алып сегізді,

Барайын қайда дегізді. ( ∞шексіздік)

3) Шекер жейтін ақкұтан,

Бір казықка байланды.

 Аузына тістеп шекерін,

Ол қазыкты айналды. (Циркуль)

4) Қандай санның атының жазылуында канша әріп болса, соншалык цифр бар? (жүз-100)

5) Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ыкшамдасаң,

Қандай атау болады? (Дәреже)

6) Егіз туған кос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

 Бірін-бірі көрмейді,

Бір мэреге келмейді.(Паралель түзулер)

7) Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

 Айтындаршы, бұл қандай сан

Жан-жағыңа карамай. (Натурал сан)

8) 12 бүтағы бар алып емен,

52 шыбык тарап, өсіп-өнген.

Шыбык сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.(Жыл, 12 ай, 52 апта, 7 күн)

9) Атадан он баламыз,

 Бір-бір жастан арамыз,

 Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. Ол не?(О мен 9 арасындагы сандар)

10) Он сандарға қолшатырдай, Қалпақ болған беделі. Квадраттасаң егер оны, Жоғалтасың сен оны.

(Квадрат түбір)

 

IV, Адасқан әріптерден сөз құрау

1-топка:

АНС

ЛЕСУ Ә

КИРЬЛУЦ

АПРЕЛЬЛЛА

2-топқа:

УКБ

ЗУ ҮТ

ҰР Ш Ы Б

НУКЯИФЦ

 

V. Викториналық сұрақтар

1)   «Пропорция» гобына:

1) 10-ның кубы.

2) 1 км-де канша метр бар?

3) Геометрия сөзінің мағынасы.

4) Зх= -15 тендеуінің шешімі.

5) -7 санының квадраты.

6) 18 және 12 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші.

7) -3 және -5 сандардың көбейтіндісі неге тең?

8) Бүрышты өлшеуге арналған құрал.

 9)16 саны 2 санының кандай дәрежесі?

10) 2-1 дәрежесі неге тең?

11) Өзара қилыспайтын түзулер калай аталады?

12) N әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді?

13) -5 және 10 сандардың косындысы неге тең?

14) Жазыңкы бұрыштың өлшемі неше?

15) Ақикаттығы дәлелдеусіз кабылданатын сөйлем (Аксиома)

16) Тік бұрыштан кіші бұрыш (Сүйір)

17) Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180°)

18) Үшбұрыш төбесінен қарсы кабырғасына жүргізілген перпендикуляр. (Биіктік)

19) Тік бұрыш жасап киылысатын түзулер. (Перпендикуляр)

20) Бұрышты қақ бөлетін сәуле. (Биссек­триса)

«Функция» тобына:

1) 3 санының кубы.

2) 1 кг қанша грамм бар?

3) Геометрия пәнінің негізін қалаған ма­тематик.

4) -5х=20 теңдеуінін шешімі.

5) -6 санының квадраты.

6) 6 және 4 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші.

7) -4 және 5 сандардың көбейтіндісі неге тең?

8) Шеңбер салуға арналған құрал.

9) 27 саны 3 санының қандай дәрежесі?

10) З-2 дәрежесі неге тең?

11) Сызықтың функцияның графигі қалай аталады?

12) Z әрпімен қандай сандар жиыны белгіленеді?

13) -4 және -3 сандардың қосындысы неге тең?

14) Тік бұрыштың өлшемі неше?

15) Дәлелдеуді кажет ететін тұжырым. (Теорема)

16) Үшбүрыштын ішкі бұрыштарынын қосындысы. (1800)

17) Үшбұрыш төбесінен карсы кабырғасының ортасына жүргізілген кесінді. (Ме­диана)

18) Негізгі геометриялык фигуралар. (Нүкте, түзу, жазыктық)

19) Вертикаль бұрыштар кандай? (Тең)

20) Үшбұрыштың бір ішкі бұрышына сыбайлас бұрыш. (Сыртқы бұрышы)

 

VI. Топ жетекшілерінің сайысы

1) а) Қабырғалары 12 см, 7 см және 9 см болатын;

в) бұрыштары 50°, 80° жэне 70° болатын үшбұрыш бола ма?

(а) иә;   в) жок.

2) Дос үш баланың жастарының косын­дысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (44)

3) 20-ның квадраты нешеге тең? (400)

 

VII. Қорытынды

Әділ-қазыларға сөз беріп, жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Осымен «Тапқырлар сайысы»атты сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңыздар.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 30.11.2020 16:50
Құрылған күні: 30.11.2020 16:50

Текст