Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егемен ел.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Президент, Парламент, Үкімет туралы ұғымдарды білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Б) тәрбиелілік: оқушылардың бойында егемен ел Қазақстанға деген мақтаныш қалыптастыру, баланың танымдық белсенділігін арттыру, оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға баулу.
Сабақтың әдісі: топтық, жұптық, диалог, сахналық көрініс, рефлексия, ББҮ кестесі
Көрнекілігі: интерактивті тақты, флипчарт, карточка.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Психологиялық дайындық.
Өнер де, ой да, білім де, Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сҥйгендер, Саналы білім ҥйренер.
ІІІ. Мағынаны тану.
(Бейнежазбадан тыңдау)
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы, Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы. Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен – Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ астананы, Жасыл жайлау жаңа жол, жасқаланы: Отанның шегі де жоқ, шеті де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
(Балалардың жауаптары арқылы кестенің 1,2- бағандарын мұғалім толтырады)
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
топ. «Қазақстан –егеменді ел»
Өлеңдегі ойға назар аударып, қара сөзбен баяндап беріңдер. Тәуелсіздік жастар рухы ап келген,
Қазағыма бақыт берген, бақ берген. Тәуелсіздік мерекеміз бүгінгі, Мәңгілікке орын алшы нақ тӛрден.
16 желтоқсанда біздің елімізде ұлттық мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кҥні аталып өтіледі. Дәл осы кұні
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған.
1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстанның өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнҧраны, Конституциясы жасалды. Қазақстан халқының тҧрмыс жағдайын жақсартуға арналған заңдар қабылданды.
Балалар ҥлкендер тарапынан қамқорлық пен кӛмек алуға қҧқылы. Олар отбасында бақыт пен сҥйіспеншілік, түсіністік аясында өмір сҥруге құқылы. 2002 жылы Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қабылданды.
Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі.
1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын басқарады. Үкімет қҧрады, заңдар мен жарлықтар шығарады. Ол халық мүддесін қорғау ҥшін халық атынан сөйлейді.
Қазақстан Конституциясында елдің президенті болып 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін және соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған адам сайлана алады деп кӛрсетіледі.
Соңғы президенттік сайлау 2015 жылы 26 – сәуірде өтті. Басым дауыспен Н.Ә.Назарбаев президент болып қайта сайланды.
Қазақстан Республикасындағы заң шығару жұмысымен Парламент айналысады. Ол екі палатадан, яғни құрамдас бөліктен тұрады. Жоғары палата – Сенат, төменгі палата – Мәжіліс деп аталады.
Президенттің Жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған тҥрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Ҥкіметі жҥзеге асырып отырады.Үкіметті Премьер Министр басқарады. Оны
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды. Үкімет қҧрамына Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Қаржы, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, т.б. министрлері кіреді.
Салалық министрліктерді министрлер басқарады. Олар – ҥкімет мҥшелері. Олар мемлекеттің дамуы, азаматтардың қауіпсіздігі, еліміздің қорғаныс жоспарын жасайды.
IV.Ой толғаныс.
А) - Балалар, бҥгінгі білген, тҥйгендеріңді ойын арқылы қорытындыласақ. Ол ҥшін мына жетондарды таратамыз. Жетонда жазылған сӛздерге қарап топқа бӛлінесіңдер. Тақырып бойынша тҥсінгендеріңді рӛлдік ойын арқылы кӛрсетіңдер.
Балалардың жауаптары. Ә) Тест.
V.Шығармашылық жұмыс.
А) «Менің Отаным» тақырыбына эссе жазу. Дарынды оқушыларға қосымша «Отан» туралы ӛлең шығару тапсырылады. Төмен оқитын оқушыларға карточкамен жұмыс тапсыру.
Ә) Сөйлемді жалғастыру. (төмен оқитын оқушыларға) 1. 1991 жылы 16 желтоқсанда ...............................
2. Қазақ тілі - ............................................
3. Үкіметті ...................................
4. Министрлікті министр................................
Б) 5 жолды өлең құрастыру.
Не? Қазақстан
Қандай? Тәуелсіз, байтақ. Не істейді? Дамиды.
4 сөзден тұратын сөйлем – Қазақстан – тәуелсіз мемлекеттердің бірі. Мәндес сөз – Мемлекет.
Ә)«Егер мен Президент болсам» тақырыбына эссе жазу.
Б) «Инсерт» стратегиясын жалғастыру. Кестенің 3 бөлігін толтыру. Не ҥйрендік?
В)Рефлексия. Оқушыларға кҥннің көзі бейнеленген суреттер таратылады. Балалар өз ойларын сол суреттер бейнеленген суреттер таратылады. Балалар өз ойларын сол суретте бейнеленген кҥннің көзі бойынша көрсетеді. Сабақ ҧнаса кҥннің көзін кҥлімдетіп, егер ҧнамаса түзу сызық қойып қояды. Парақтың артына сабақ несімен ұнағанын немесе не себепті ұнамағанын ашып жаза алады.
VII. Қорытындылау, мадақтау.