"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз шыныққан баламыз» / эстафеталық жарыс/

 

«Біз шыныққан баламыз»

/ эстафеталық жарыс/

 

Мақсаты:  Спорттық сайыс арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа баулу. Дене шынықтыруға деген қызығушылығын әртүрлі спорттық ойындар қолдану арқылы дамыту. Бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу. Бала арасындағы сыйластықты, ауызбіршілікті, жауаптылықты, ұйымдастырушылықты қалыптастыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сайыстың түрі: Эстафеталық ойын.
Өткізілетін орны: Шағын орталықтың ойын залы.
Көрнекілігі: Эстафета таяқшасы, дротик, обруч, доп, қалың арқан т. б.
Әнұран.
Жүргізуші:
     Шынықсаң шымыр боласың,
     Сауығып айдай толасың
     Спортты серік ете біл,
     Жақсы азамат боласың.
     Жеңімпаз болу оңайма,
     Арман болған талайға
     Болмасаң да ұқсап бақ,
     Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті балалар бүгінгі «Біз шыныққан баламыз» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Құрметті балалар, дене тәрбиесіне деген балалардың қызығушылығын, ептіліктерін, жылдамдықтарын эстафеталық ойындар арқылы дамыту мақсатында «Балапан» тобының ішінде  ұйымдастырылға жарысымызды    бастаймыз.

Топты жарған түлектерміэ,

Жаралдық ақ тілектен біз.

Сұңқар – қанат,

Тұлпар – тұяқ түлектерміз, -деп, ендеше бүгінгі жарысымызға қатысушы командаларымызды қарсы аламыз.

Тұлпар командасының ұраны:

 

                    Иілеміз оңға бір,

                   Иілеміз солға бір.

                   Қимылдайды әр сәтте,

                   Аяқта бір, қолда бір.

 

Сұңқар командасының ұраны:

 

                    Жазда ықпай ыстықтан,

                     Қыста бұқпай суықтан.

                     Айналысқан спортпен,

                     Біз – балалар шыныққан.


Жүргізуші:
Тәлім тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы жарқын болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі берік күші. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Енді сайысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Әділқазы мүшелері құрамына: Абылкасова А.М., Куликова Н.А.

Спорттық сайысымыз 1-2-3-4-5 балдық жүйемен бағаланады.

1. «Дәлдеп сал»

Шарты: Бала жүгіріп келіп, допты шеңберге  лақтырып  салу.

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

2. «Кім жылдам?»

Шарты: Шеңбер ішінде тұрған допшаларды жылдам себетке жинау.

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

3. «Кенгру»

Шарты: Жүгіріп келіп, шеңберден  өтіп барып қайтарда доппен секіріп келу.

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

4. «Мерген»

Шарты: Бір орында тұрып көздеп дротикты нысанға  тигізу.

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

5.«Қарсыласыңды тартып ал»

Шарты: Екі команда арқан тартысып күштерін сынайды.

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш – жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз.

 

  • Әділқазылар алқасы әділ бағасын шығарғанша балалармен ойын ойнаймыз.
  • Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
  • Командалар жеке-жеке марапаттау мен сыйлықтарға ие болады.

 

 

 

 

 

Ақмола облысы, Зеренді ауданы

Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебінің жанындағы

«Айналайын» шағын орталығы

 

                                                                           

   Дайындаған тәрбиешілер:  Абылкасова А.М.

                                                                                                                      Бекболат М.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.03.2021 18:30
Құрылған күні: 01.03.2021 18:30

Текст