Химия пәнінен Халықаралық олимпиада жеңімпаздары

14.07.2025

Қадірлі отандастар!

Сүйінші жаңалық!

Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәнінен 57-ші Халықаралық олимпиадада біздің оқушыларымыз ғылымдағы үздік жетістіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп, әлемдік білім бәсекесінде еліміздің абыройын асқақтатты.

Бұл білім сайысында ел қоржынына екі алтын, екі күміс медаль берген оқушыларымыз – Кирилл Ким, Абылай Қабдулхадыр, Еңлік Бақытбекова және Аңсар Жақсылықовты шын жүректен құттықтаймын!

Мұндай жетістіктерге жетуде оқушылардың талпынысы мен еңбегімен қатар, олардың ұстаздары мен ата-аналарының үлесі зор. Әсіресе, тәлімгерлері Санжар Бегдайыр мен Ринат Илюсовке кәсіби шеберліктері, оқушыларға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Бұл жеңіс – жас буынның жарқын болашағына жол ашатын берік негіз деп сенемін. Жетістіктеріңіз еселене берсін, алар асуларыңыз биік болсын! Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де талапты азамат болып өсулеріңізге тілектеспін.

Просмотров: 2143


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст