"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ойыншық көрмесі: Қайсысы балаға пайдалы?” тақырыбында кеңес беру жұмысы

17.03.2026

Кеңес беру пунктінің жоспарына сәйкес, “Айналайын” шағын орталығында ата-аналарға арналған “Ойыншық көрмесі: Қайсысы балаға пайдалы?” тақырыбында кеңес беру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойыншықтарды дұрыс таңдау жолдарын түсіндіру, олардың танымдық, шығармашылық және моторлық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ойыншықтардың маңыздылығын көрсету болды.

Кеңес барысында ата-аналарға сапалы және қауіпсіз ойыншықтардың түрлері таныстырылып, олардың бала дамуына әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, зиянды, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін немесе бала психологиясына кері әсер ететін ойыншықтар туралы ақпарат берілді.

Көрме кезінде дамытушы ойыншықтар, логикалық ойындар, құрастыруға арналған материалдар және шығармашылыққа бағытталған құралдар ұсынылып, олардың әрқайсысының пайдасы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.

Іс-шара соңында ата-аналар ойыншық таңдауда баланың қызығушылығы мен қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігі жөнінде қорытынды жасады.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст