«Жас түлек – 2026» аттестат табыстау салтанаты

17.06.2026

«Жас түлек – 2026» аттестат табыстау салтанаты өтті
2026 жылғы 12 маусым күні  мектепте 9-сынып түлектеріне арналған «Жас түлек – 2026» атты аттестат табыстау салтанатты кеші өтті.

Бұл күн – оқушылардың мектеп өміріндегі маңызды белестердің бірі. Салтанатты шара барысында мектеп әкімшілігі түлектерді оқу жылын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстады.

Мерекелік кеште оқушылар мен ата-аналарға арналған құттықтау сөздер айтылып, ұстаздарға алғыс білдірілді. Түлектер мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәлім-тәрбиелері үшін ұстаздарына ризашылықтарын жеткізіп, әсерлі әндер мен шығармашылық нөмірлер ұсынды.


«Жас түлек – 2026» кеші түлектердің жүрегінде жарқын естелік болып сақталып, олардың алдағы білім жолына сеніммен қадам басуына рухани демеу болды.

Мектеп ұжымы барлық түлектерге жарқын болашақ, толағай табыс және биік белестер тілейді! 🎓✨

Просмотров: 2090


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу