«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: жауапкершілік, буллинг және қауіпсіздік»
16.10.2026
Мектебімізде КТІЖ инспекторларымен профилактикалық кездесу өтті! 👮♀️Бүгін 6-9 сынып оқушылары үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар Жамиля Тигимбаевна және Зоя Николаевнамен маңызды әрі танымдық кездесу өтті.Кездесу барысында өзекті тақырыптар талқыланды:🔹 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық түрлері
🔹 Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі
🔹 Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не және оған қалай қарсы тұру керек 🛡️
🔹 Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруы 🛵🚫Инспекторлар оқушыларға ойланбай жасалған әрекеттердің салдары туралы түсінікті тілде айтып, қоғамда және интернетте қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салды.Пайдалы ақпарат пен ынтымақтастығы үшін КТІЖ қызметкерлеріне алғыс білдіреміз! 🤝