Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітапхана - білімнің күн шуағы десек, «Ізденсем, білсем» деген балаға кітапхананың есігі әрқашан да ашық. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы, ұстаз санаған. «Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады. Қазан айының 9-ы күні мектебіміздің 5-6 "А" сыныбының оқушылары "Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге" атты сынып сағатында мектебіміздің кітапханасына экскурсия ретінде барып қайтты.