«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында»
Н. Ә. Назарбаев
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Міне, осындай ұстаздарымыздың бірі, жас маман, Пухальск негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ахметжарова Гульден Базарбаевна туралы айтып кетсек те болады.
Гульден Базарбаевна мектебімізде 2018 жылдың қыркүйек аййнан бастап қызмет атқарады. Осы аз уақыт ішінде ол өзін жауапкершілігі мол, инабатты, жанашыр және абыройлы ұстаз ретінде көрсете білді. Ол оқушылардың қызығушылығын оятып, жанын баурап алды. Мектеп ұжымы мен ата-аналардың алдында да құрметке ие болды.
Өзінің шығармашылық потенциалын белсендіру мен кәсіби шеберлігін жетілдіру, сонымен қатар мектеп мәртебесін көтеру мақсатында ақпанның 22-ші жұлдызында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың аудандық байқауына қатысты. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазып, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында бейнепрезентация арқылы өзін-өзі таныстырып өтті. Сонымен қатар 5 сыныпта понорамалық ашық сабағын өте сәтті де сапалы өткізе білді.
Байқау қорытындысы бойынша Гульден Базарбаевна 3 орынға ие болды.
Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жұмыстанайық.
Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас маманға қадамы құтты, еңбек жолы сәтті, ұстаз деген ұлы есімге лайық бол деген тілек білдіреміз.