Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікті тәрбиелеу; Оқушылардың игі істер, жақсылық жасау туралы түсініктерін қалыптастыру. Жалғыз басты қарттарға қайырымдылық акциясына қатысу арқылы қоғамға риясыз қызмет ету сапасын көрсету үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
Мейірімділік танытуға деген ұмтылыстың қалыптасуына ықпал ету.
Қоғамға риясыз қызмет етуге деген ұмтылысты тәрбиелеуге ықпал ету.
Оқушыларды қарт адамдарға құрмет, көңіл, жанашырлық, жауапкершілік, сезімталдық, өткен жылдар мен тәжірибені құрметтеуге тәрбиелеу.
"Жас Ұлан" ББЖҰ мен мектептің өзін-өзі басқару белсенділері "Жомарт жүрек" акциясын өткізді, оның басты идеясы-біздің балаларымыз аға ұрпақты құрметтеуге үйренуі керек. Біз олардың мейірімді, шынайы болғанын қалаймыз .Біздің ауылда жалғыз тұратын зейнеткер әжеміз бар. Біз осы әжеге бірінші жыл көмектесіп тұрғанымыз жоқ. Жыл сайын қар тазалау, отын жару жинау сияқты қолымыздан келетін жұмыстарды атқарып берудеміз. Биылда әжеміз оны ұмытпағанына және қамқорлық жасағанына өте қуанышты болды.
Акциямызға белсене қатысқан 6 оқушы бар. Олар: Гаас Кирил; Бобович Богдан; Мендыбаев Мадияр; Мукашев Қанат; Мукашев Диас; Панасик Владимир.