"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақ жоспары. Қазақстан тарихы. Атлах шайқасы (2-ші сабақ)

09.11.2020

Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебі

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

      ___________________________________________

      (сабақтың тақырыбы)

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Надирова С.И.

Бөлім:

6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан

Педагогтің аты-жөні

Надирова С.И.

Күні:

28.09.2020

Сынып: 6 а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Атлах шайқасы (2-ші сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау   

Сабақтың мақсаты

Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау

Құндылықтарды дарыту

Ақиқат жалпыадамзаттық құндылығы арқылы адалдық, жақсы мен жаманды ажырата білу және елжандылық қасиеттеріне баулу

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

 

 

 

 

Сабақтың басы

қызығушылықты ояту     0-5 мин

Оқушыларға түрлі суреттер көрсетіледі.

Оқушылардың жауабын толықтыра келе сабақ барысымен таныстырамын.

Суреттегі оқиғаларды анықтайды

Мұғалімнің ауызша бағалауы

Шайқастар туралы суреттер

Сабақтың ортасы

 

 

5-20 мин

 

Талдау

Атлах шайқасының маңыздылығы жазылған карточкаларды ұсынамын (В. Бартольд зерттеулері бойынша).

Атлах шайқасы туралы қытайтарихшылары оқиғаның қалай болғанын жазып алды.

Қазіргі кездегі түркі тілдес халықтар (мысалы қазақтар)

Атлах шайқасын ұлы жеңістерінің бірі деп санайды.

Тан империясы 751 ж. Атлах шайқасынан кейін ұзақ уақыт шабуылдарын жалғастырды.

Атлах шайқасына қарамастан арабтар мен қытайлықтар бір – бірімен қарым – қатынасты жалғастырды.

Атлах шайқасында түркі әскері арабтарды қолдады.

Атлах шайқасы Орта Азияға ислам дінін таратуға бірден бір жолы болды (Қазақстанды қоса алғанда) түркі халықтардың көбісі ислам дінін соңына дейін қабылдаған жоқ, өйткені арабтар Атлах шайқасында жеңіске жеткен еді.

Соңында Қытай Орта Азияны жаулап алуды тоқтатты.

Араб күші Атлах шайқасында қытайлықтардың қағаз жасаушыларын тұтқынға алып, бүкіл араб әлеміне тарата бастады.

Атлах шайқасынан кейін қытайлықтар Жетісуды біржолата тастап кетуге мәжбүр болды.

Орта Азия халықтары Атлах шайқасынан бұрын қағазды пайдаланып келген еді.

Атлах шайқасы Орта Азия халықтарына түркі әскерінің күштілігін, шеберлігін көрсетуге ықпал етті.

Араб жазбалары Атлах шайқасына көп көңіл бөлмей жазды, өйткені сол сәтте бұл оқиғадан гөрі өзге маңыздырақ оқиғалар болған еді.

3 оқушыдан екі топқа өлінеді.  Түркілер» және «Арабтар» тобы өткен сабақтағы және В. Бартольдтың мәлімдемесін қолданып «флиптартқа 5 бағанды кесте толтырады

1 баған: Оқиғаның орын алу себебі

2 баған:  Атлах шайқастың маңыздылығы

3 баған: Есте қалатын жайт

4 баған: Нәтиже

5 баған: Тарихи маңызы.

 

 

Бірін бірі бағалайды «бес бармақ»

Оқулық, флипчарт, маркер

Атлах шайқасының маңыздылығы туралы жазылған карточкаларды критерийлерге сай орналастырылуын бақылаймын.

 

Топта талқылап болғаннан кейін топтастырғандарын түсіндіреді. 2-топ бір біріне топқа қонаққа барады. Егер басқа топтарда өзгешелік болса, олар өз өзгерістерімен бөліседі.Сұрақтар қойып, жауап береді.

(Топтық жұмысқа қатысуын бағалау мүмкіндігі бар)

Бірін бірі бағалау: Бағалау парақшасы

 

20-35мин

Атлах шайқасының оң және теріс жақтарын көрсету.

 

Оқушыларға соғыс салдарынан болатын жағдайларды терең түсіну үшін сұрақтар арқылы бағыт беріп отырамын.

  • Шайқаста қытайлардың жеңілуіне не себеп болды ?
  • Не үшін түркілер арабтарға қосылды?
  • Қытайлар жеңіске жетсе қандай жағдай болуы мүмкін еді?

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы орайда тарихи тұлғалардың еңбегімен келген тәуелсіздікті берік ұстап елжанды болудың маңызын ұғындырамын.

Оқушылар Венн диограммасында Атлах шайқасының оң және теріс жақтарын  көрсетеді

Теріс нәтижесі: Адам өлімі, жайылымдардың тапалуы, т.б.

Оң нәтижесі: Қазақ жеріне бейбіт діннің таралуы, қытайлар қазақ жеріне 100 жылға дейін аяқ баспады,  түркілер мен арабтар арасында достық және сауда қарым- қатынас дамыды.

 

Оқушылардың жауаптары арабтар мен түркілердің ауызбіршілігі жеңді, арабтар Орта Азияға басқыншылық мақсатпен келген жоқ, Атлах шайқасында қытайлар жеңсе бүгінгі қазақ жері қытайдың қол астындла болар еді деген жауапқа бағытталады.

 

 

Мұғалімнің кері байланысы ( сабаққа ең белсенді қатысқан оқушыға «тарихтың білгірі» деген атақ береді)

 

Оқулық және қосымша материал

Сабақтың соңы

35-40 мин

 

Үйге тапсырма: «Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды?» тақырыбына шағын ой-толғау жазып келу (15-20 сөйлем).

Оқушылар сағат тілімен сабақ туралы пікірлерін айтады (кері байланыс).

Мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырады

 

 

 

 

Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст