"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе "Парасаттылық-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет"

25.11.2020

                                                        Эссе

                     Парасаттылық-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

         Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықты әлемнің кез келген елінде кездестіруге болады. Ол саяси дамуына қатты түрткі болды. Сыбайлас жемқорлық біздің жерімізде де ғұмырын сүріп жатыр. Бұл елдің нарықтық, әлеуметтік-экономикасын тежеп, адамдарға кері әсер тигізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет пен қоғам бірігіп, қарсы күресу керек. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық жай ғана құқықбұзушылық емес. Ол мемлекеттің тұрақтылығын жойып, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің ішкі саясаттағы басты бағдарының бірі болып қалыптасты. Мемлекетіміздің бұған басты саясаты  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес».

         Бұл заңдардың басты мақсаты – адамдардың құқықтары мен еркіндігін сақтауға, сыбайлас жемқорлықтын көрінісінен шығатын қауып қатерден. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзудың, қылмысты жою, оларды алдын ала біліп, зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жазаға тартумен қатар, халық сенімін нығайту қажет. Сыбайлас жемқолықпен күресу – қоғамның және әр азаматтың ортақ ісі, ортақ міндеті екенін әр қазақстандық адам, әр отбасы түсінеді. Бұл отбысының тәрбиесіне, азаматтың өзінде парасаттылықты ояту,танытудан байланысты болады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен өте күрделі қылмыстар жатады. Уақыт көрсеткендей, билікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, өтірік айту, бөтен мүлікті иелену, сарапшының жалған қорытыңдысын қате аудару, жалған қорытынды беруге не қате аударуға, сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін тыңдап, берілген жазаны орындау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жойып,жетістіктерді жоққа шығаратын, халық қауіпсіздігіне қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Ұлы Абай атамыз «Орынды іске жүріп ой таппаған,не болмаса жұмыс қып, мал таппаған, қасиетті болмайды, ондай жігіт, әншейн құр бекерге, бұлғақтаған» деген екен. Адам белгілі – бір өмірдік жағдайға тәуелді болғанда, ол ар-ұят, намысты екінші орынға қояды. Егер, біз осылайша, ар-ұят,парасаттылықты ұмытсақ, онда біз болашағымызды жойып, жақындарымыздың өмірін бұзамыз. Осыны біз түсінуіміз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп, өмірімізді жақсарта отырып, рухани парасатты, ұлттық құндылықтарды жоғалтпай, өркениетті мемлекет құру керекпіз.

       Сыбайлас жемқорлықпен күресу кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның әртүрлі сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда. Қорытынды сөзім, Қазақстан Республикасы, құрметті халқымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы біріге күрес жасауымыз қажет, жоғарыда айтылып кеткен қағидаларды орындап, кемшіліктерден жойылу керек. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, әр азаматта парасат, адамгершілік, патриотизм деген құндылықтарды дамытудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын біліп жүру керек. Азамат пен қоғамның күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың амалын іздеу қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 8 сынып оқушысы Сайранбек Айдана

Просмотров: 967


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст