СЫНЫП САҒАТЫ: «БАЛАҒА БЕРІЛГЕН ЖҮРЕК»

СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «БАЛАҒА БЕРІЛГЕН ЖҮРЕК»

   

Сынып : 5-6 «А»

Мақсаты: «Мейірімділік», «Қайырымдылық», «Жақсылық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Мейірімділік, қайырымдылық, жақсылық туралы түсініктерін кеңейту;
• Қамқорлық, жақсылық жасауға жетелеу;
• Мейірімділікке тәрбиелеу

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттері: мейірімділік, жақсылық, шынайылық.
Әдістер:
 әңгіме, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, түсіндіру
Көрнекі құралдар: слайд, плакаттар, бояу, шар, жүрекшелер, мәтін, тауық ,балапандардың суреті.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
:
- Балалар, бәріміз тұрып бір - бірімізбен күлімсіреп, бүгінгі күніміз көңілді басталып, жақсы аяқталу үшін өзімізге, келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік

Мен саған,сен маған

Жақсылық біздер тілейік
- Балалар, бүгін біз сендермен «Жүрек жылуы» жайлы әңгіме қозғаймыз.

-Жүрек жылуы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Алдымен мына бейнежазбаға назар аударайық

-Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

-«Мейірімділік,сүйіспеншілік,қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады»-демекші,өзіңді ғана ойламай, күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды бол.Сенің шашқан шуағың адамдардың жанын жылытсын!

Жеке жұмыс:

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі жасайды?

/Қатігездік,өзімшілдік,ашу-ыза, көре алмаушылық,шыдамсыздық, мақтаншақтық,сараңдық/

-Өзімшілдік, көре алмаушылық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не ықпал етеді?

/ Адалдық,қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық,жақсылық жасау,сүйіспеншілік/

-Қайырымдылық деген не?

Қайырымдылықты жанашырлық деп түсінуге болады.Яғни көмекке мұқтаж адамдарға көмек беру,жақсылық жасау. Рақымды, мейірімді адам-қайырымды адам.Қайырымды болуға талпыну керек.

 

2. «Жалғасын тап» ойыны . Мақал- мәтелдің жалғасын табады

  • Жақсылықтың ерте ... жоқ /кеші/
  • Жақсылық қылсаң, ... қыл /бүтін/
  • Жақсылық еккен ... орады /алғыс/
  • Жақсылық - жан ... /азығы/

 

Мұғалім: «Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлық жылу — адамнан»-демекші өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екен. Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, жақсылық жасау, жақсылыққа бөлену бәрі өз қолыңда екенін ұмытпа!

«Бір сөз-бір теңеу» әдісі

-Махаббат сөзін қалай түсінесіңдер?

- Жақсы көру, сүйіспеншілік,мейірімділік

/ Отанға,анаға,отбасына, екі жастың бір-біріне / Берілген суреттерді топтау

Оқушы:Адамгершілік қасиет ең бірінші әр адамның отбасына деген махаббаттан басталады.Ата-ананы ренжітпеу, тілін алу, құрметтеу- әр баланың өмір бойғы парызы.

Оқушы: «Отан отбасынан басталады»- демекші Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның міндеті болып табылады.
 

Қорытындылау

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

«Кім және не мейірімді?» ойыны арқылы мейірімділік кестесін құрайық
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді

-Балалар қандай адамгершілік құндылықтармен таныстық?

/ Адалдық,қайырымдылық,мейірімділік,қамқорлық,жақсылық жасау,сүйіспеншілік/

Ойланайық, пікірлесейік
Ж- жылулық

А- адалдық

Қ-қамқорлық

С- сүйіспеншілік

Ы- ынта

Л- лебіз

Ы- ықылас

Қ- қайырымдылық

Оқушы:

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң - сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.
Бекіту сәті. Рефлексия

Сабақты қорытындылай келе «Мейірімділік-жүректен» дегім келеді.Жүрек жылуы сөнбесін!!!

Сабаққа белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет!

Жүрегіміз мейірімділікке толы болсын! Жүректен шыққан жылы сөз жүректен-жүрекке жетсін!
Оқушылар шеңбер құрып, жүрекшелерін бір - біріне беріп өз жүректеріне рахмет айтады
• Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
• Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
• Менің жылы жүрегіме рахмет!
• Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
• Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
• Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
• Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
• Менің жан - жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!
• Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!
• Мен әрқашан қайырымды боламын!
• Мейірімділігім менің - асыл қасиетім!
• Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!

 

Педагог:Бегайдар Диана Батырбековна

 

 

Текст