Ертегілер күні

09.06.2025

Лагерьдегі 6-күн — Ертегілер күні

Бүгін біздің лагерь шынайы ертегілер патшалығына айналды.

Таңертең «Денсаулық минутасынан» басталды. Балалар шынығып, мықты болудың маңыздылығын білді — дәл ертегідегі кейіпкерлердей.

Кейін балалар «Ертегі қонақтарында» атты қызықты квестке қатысты. QR-кодтарды сканерлеп, жұмбақтарды шешіп, сиқырлы кейіпкерлермен кездесті. Әр станция — жаңа оқиға мен шытырманға толы кезең.

Жас әртістеріміз «Шалқан» мен «Үйшік» ертегілерін сахналап, көрермендерді тәнті етті — көңілді, шынайы және әсерлі болды.

«Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» атты сурет байқауында балалар өздерінің жарқын, қиялға толы туындыларымен қуантты.

Бұл күн сиқырға, мейірімге және шығармашылыққа толы болды. Өйткені ертегілер — балалық шақты нағыз ғажайыпқа айналдыратын әлем.

Просмотров: 2000


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст