Текст
Қауіпсіздік ережелері туралы
15.05.2026
Қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде «Қауіпсіз терезелер», «Өрт кезіндегі тәртіп ережелері», «Судағы қауіпсіздік ережелері» және «Даладағы тәртіп ережелері» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жадынамалар таныстырылды. Балаларға терезе маңындағы қауіпсіздік, өрт кезінде әрекет ету, суда шомылу ережелері және көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы маңызды ақпараттар берілді.
Мақсат – оқушылардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде қауіптің алдын алу.

Просмотров: 2729