Текст
Мәлік Ғабдуллин негізгі орта мектебінде көшпелі аудандық семинар өтті.Тақырыбы:"Ерте жүктілік, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу".Оған аудандық білім бөлімінің басшысы,әдіскерлер,мұғалімдер, психологтар, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты.Семинарға қатысушылармен тренинг өткізілді.Өткізілген тренинг отбасылық қатынастарды нығайту мақсатында жүргізілді.Ата аналар мен оқушылар өз ойларымен бөлісті.Сұрақтар қойып,өз пікірлерін ортаға салды.