Текст
Республика күні қарсаңында мектебіміздің спорт залына Алматы қаласындағы «Химия мектебі» оқу орталығының басшысы Бауыржан Бақытжанұлы өз тарапынан мектеп оқушыларына 87000 теңгеге демеушілік көрсетіп, волейбол, футбол доптарын, волейбол торын және теннис ракеткаларын сыйға тартты. Мектеп ұжымы атынан демеушіге алғысымызды білдіреміз. «Бітер істің басына, жақсы келер қасыңа», - демекші, болашақта мектебімізге көмек көрсететін демеушілер қатары көбейсе деген ниеттеміз.