"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Мәлік Ғабдуллин ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение  «Основная средняя школа села Малика Габдуллина  отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала "Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!"

30.11.2020

Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!

Мәлік Ғабдуллин негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тасмагамбетова Айнаш Кайрбаевна

Данасы мен батыры көп қазақтың,

Көрген талай қияметін азаптың.

       Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсін тәуелсіздік, азат күн.

   Тәуелсіздік! Бостандық! Кім – кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің? Қалай толқымассың?!

   Жол! Тәуелсіздік жолы. Ол алыс пен жақынды қосады. Кешегі мен болашақты жалғайды.

   Біз, қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Жоғалтқанымыз ең асылымыз – тәуелсіздік еді. Біз осы асылды іздеп соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік, кейде жолға да түскендей болдық, тығырыққа да тірелгендей болдық. Сол кезде халқымыз жоңғарлардың тегеурінді тепкісіне, ойраттардың ойранына, орыстардың үш ғасырдай отаршылдығына төтеп беріп, ұлттың ата – баба дәстүрін қалтарыста қалдырмай, ұлт болмысын ешбір жауға алдырмай келді. Халқымыз талай қиын кездерді басынан кешірді. Сонау «Қасым хан» тұсында миллиондаған қазақ «Ақтабан шұбырынды» кезінде үлкен қанды қырғынға ұшырады.

   Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат – қабат тарихының басты мазмұны сайып келгенде, азаттық үшін күреске тірелді. Кешегі шерлі желтоқсанға дейінгі сан алуан шежіресі бар.

   Табанды күрестің арқасында ата – бабаларымыз өзінің бірлік – берекесін сақтап қалғаны қазақ еліне мәлім. Елмен елдесті, жаумен жауласты, дәуірлеу мен тоқырау, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірді, сөйтіп халқымыз еркіндігінен айырылды. Халқымыз бодандық жолында болды. Бұл  жай жол емес, даңғыл болып шықты. Ол – тәуелсіздік даңғылы еді.

   1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялағаннан кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бұл қуаныш «Отаным, елім, жұртым» деген әрбір азаматтың жүрегінен орын алтыны айдан анық. Шет елден қаншама қандастарымыз оралды. Олардың қуаныштары қойнына сыймай, төбелері көкке жеткендей қуанды. Біздің туысымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, сондықтан жанжал атаулыны болдырмау үшін бар ерік – жігерімізді аямауымыз керек.

   Ел тірегі, арман мүддесі – тәуелсіздік. Еркіндік жолында еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары күрес жүргізді. «Көп ащыдан кейін бір тұщы дегендей,» солардың ерен еңбектерінің арқасында азаттыққа қол жетті. Ол азаттық оңайлықпен жеткен жоқ. Осы жолда мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен ұлтының мәдениетінен айырылуға айналды. Осындай шақта жеткен тәуелсіздік еді бұл.

   Келесі жылы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтпекшіміз. Алайда уақыт сыншы. Желтоқсан оқиғасынан кейін бес жылдан соң, Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, көк байрағы желбіреп, егеменді, тәуелсіз мемлекет болды. Биылғы жылы желтоқсан оқиғасына 34 жыл толып отыр. Бұл оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86- ның желтоқсаны әлемді дүр сілкіндірді.Тәуелсіздік үшін ар-намысын шүберекке түйген қазақ жастары ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында көтеріліске шықты.Ұлтшыл, нашақор деп жалған жала тағылып,қаншама қан төгілді.Қаншасы  атылып, қаншасы түрмеге жабылды.16-18 жастағы өрімдей қазақ  қыздары Сәбира мен Ләззатты, 21 жастағы жалындаған өр мінезді Қайраттты кім ұмытар...

   Желтоқсанның мәні мен маңызы ешқашанда өшпейді. Азаттық аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі сақталары сөзсіз. Өзі көрсеткендей ақ пен қараның ара – жігі ажыратылды. Біз өзімізді өзіміз ақтадық. Бұл да ерлік. Сөйтіп шаңырағы күнмен теңескен егеменді тәуелсіз ел болдық.

   Тәу етер тәуелсіздігің тұрғанда, сіздер мен біздердің міндетіміз еліміз арқа сүйер білімді, білікті, адамгершілігі мол азаматтар тәрбиелеу. Ел ертеңі өз қолымызда екенін мәңгі есте сақтайық.

   Ешқашан да көк байрағымыз еңкеймей, асқақтап желбірей берсін! Жүзден астам ұлт пен ұлыстың Отанымыз Қазақстаным меңгі  гүлдене бер! Аспандарыңыз ашық, бақыттарыңыз баянды болсын! Сөзімді мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

                                  Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

    Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

                                 Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің,

                                 Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст